Түркістандық шаруа күмәнді дәріден соң 300-ден астам қойынан айырылды

None
Видеодан алынған кадр
АСТАНА.ҚазАқпарат - Алдымен жануарларда диарея басталған. Ветеринарлық дәріхана сатушысының кеңесімен сатып алынған дәріден кейін қойлар жаппай қырылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

«Фармацевт ұнтақтың арзанға түсетінін, дәрілік препаратты 10 литр суға ерітіп, 5-10 грамнан беру керектігін айтты. Мен бәрін сол айтқандай істедім. Бәрі жақсы болады деп ойладым. Бірақ кешкі оннан кейін сұмдық болды, 320 бас қой қырылып қалды», - деді Самат Қадыров.

Шаруа оқиғадан кейін полицияға да, мал дәрігерлеріне де хабарласқан.

«Барлығы бұл шошқа мен тауыққа арналған дәрі дейді, қойлар екі еселенген дозадан қырылған. Өлекселер сараптамаға алынатынын айтты. Бірақ, бізде әлі күнге дейін жануарлардың дәл осы препараттан қырылғаны туралы ешқандай дәлел мен сараптама жоқ»,-дейді шаруа.

Ветеринарлық дәріхана бұл оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді.

Зертхана мамандары алдымен жануарларды ветеринарға көрсетіп, содан кейін ғана маман нұсқауымен дәрі-дәрмек сатып алынуы керек дейді.

«Мал иесі бұл дәрі-дәрмекті өз қаражаты есебінен тәуелсіз зертхана зерттеуіне жібере алады. Біз өз тарапымыздан сараптамаға жібердік. Нәтиже 9 күннен кейін болады»,- деді Түркістан облысы ветеринария қызметі басшысының орынбасары Әлмет Оразбеков.


Соңғы жаңалықтар
telegram