19:30, 15 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Түркістандық ұстаздар жаңа оқу жылын жалақысыз қарсы алды
Түркістандық ұстаздар жаңа оқу жылын жалақысыз қарсы алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басты мәселе - Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының атауы ауысына байланысты туындап отыр. Яғни, бұдан былай мекеме Түркістан облысы білім басқармасы деп аталады. Құжат ауыстыру салдарынан ұстаздардың тамыз айындағы жалақсы есеп-шотқа түспей қалды. Себебі, құжаттандыру ісі кедергі болған.
Ал, бүгін білім басқармасының баспасөз қызметі алдағы дүйсенбіден бастап құжат өткізу кезектілігіне қарай тиісті қаржылар аударылатындығын жеткізді.
«Түркістан облысы білім басқармасының есепшоты ашылып, білім беру мекемелеріне жалақы төлеу басталды. Бірінші кезекте, аудандағы мектептерге берілетін болады, екінші кезекте жан басын шаққандағы қаржыландырылатын білім беру мекемелері және облыс деңгейіндегі білім беру мекемелеріне аударылады. Қазіргі таңда тіркеу жұмыстары іске асуда. Бүгінгі таңда 93 қалалық, және 40 облыстық білім беру ұймыдары Әділет департаментінен толық құжаттарын алды. Дүйсенбіден бастап құжат өткізу кезектілігіне қарай тиісті қаржылар аударылады» - делінген Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.