Түркістанға келушілер 500 жыл ұмыт болған «хәлім» тағамынан дәм тата алады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер 500 жыл бойы ұмыт болған «хәлім» тағамынан дәм татты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Түркістанда жарты ғасырдан кейін көне дәстүр қайта жаңғырды. Ежелде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің асханасында дайындалған «хәлім» асы жұма намазынан кейін барлық саяхатшылар мен мұқтаж жандарға және қажыларға таратылған. Бүгін аталған дәстүрге сай тарихи тағам кесенеге келушілерге ұсынылды.

«Ертеректе «хәлім» асы дәстүр бойынша жұма мен дүйсенбі күндері дайындалып, таратылған екен. Біз оны тарихшылардан сұрап білдік. Ал біз аптасына екі рет тарататын боламыз. Жұма күні зияратшыларға, сенбі күні туристерге арнап жасаймыз», - дейді ұйымдастырушы Айко Төкен.

Кей деректерде «әлім ботқасы», «халім асы», «атала көже» аталып келген тағам ет пен бидайды суға қайнату арқылы жасалады. Ал оны ыдысқа құймас бұрын қариялар бата беріп, елдің амандығын тілеген.








Соңғы жаңалықтар