Түркітілдес мемлекеттер басшылары Елбасы Н.Ә.Назарбаевты Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу туралы шешімнің қабылдануымен құттықтады

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Саммит жұмысында Түркі Кеңесі Хатшылығының, Ақсақалдар алқасының және Түркі әлемі академиясының болашақ қызметі жайында сөз болды. Сонымен қатар Саммитте өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, экономикалық ынтымақтастықты арттыру, Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру сияқты халықаралық маңызы зор тақырыптар талқыланды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздіктерінің 20 жылдығын кең ауқымды түрде бірлескен іс-шаралар арқылы атап өтуді ұсынды.
Өз кезектерінде түркітілдес мемлекеттер басшылары Қазақстанның халықаралық бастамаларына қызу қолдау білдіре отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевты Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу туралы шешімнің қабылдануымен құттықтады.
Саммит жұмысының қорытындысында «Ыстамбұл Декларациясы» қабылданды.