18:12, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Түркітілдес мемлекеттер Ықпалдастық кеңесінің Бас хатшысы болып түрік дипломаты Халиль Акынджи сайланды
ЫСТАМБҰЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Түркітілдес мемлекеттер Ықпалдастық кеңесінің Бас хатшысы болып түрік дипломаты Халиль Акынджи сайланды. Бұл туралы Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы Саммиті аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Отырыс пен кездесулер барысында тілі, діні, тарихы мен өзге де құндылықтары ортақ туысқан мемлекеттердің көпқырлы байланыстарының механизмі табылды. Сонымен қатар іскерлік байланыстардың мүмкіндіктері де қарастырылды», - деді А.Гүл.
Оның айтуынша, саммит барысында Түркітілдес мемлекеттердің Ықпалдастық кеңесінің Бас хатшысы сайланды. Бұл қызметке Түркияның Ресей Федерациясындағы бұрынғы елшісі Халиль Акынджи сайланды. Кеңестің хатшылығы Ыстамбұлда орналасады.