20:11, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Түркия АӨІСШК эстафетасын қабылдайды
АНКАРА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат – Түркия 2010 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл сенім және шаралары кеңесінің (АӨІСШК) төрағасы болуға өзінің даяр екендігі туралы ресми мәлімдеді. Бұл жөнінде Түркияның Президенті А.Гүлдің Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа жолдаған арнайы хатында айтылған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алматыда өткен АӨІСШК министрліктердің үшінші кездесуінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың осы ұйымға 2010 жылы төрағалық етуге «АӨІСШК ең белсенді қатысушыларының бірі» ? Түркия Республикасын ұсынғаны белгілі. А.Гүл өзінің хатында соңғы сегіз жыл ішінде бауырлас Қазақстан АӨІСШК төрағасы миссиясын үлкен табыспен атқарғанын атады және ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның басқа мемлекеттік органдары осы саладағы өздерінің үлкен тәжірибесін түрік тарапымен бөлісетініне үмітін білдірді.