Түркия армиясы НАТО жаттығуында жоғары әлеуетін көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM — Түркия Қарулы күштері Steadfast Dart-2026 жаттығуларына тартылған құрлық, теңіз және әуе бөлімшелері арқылы өз мүмкіндіктері мен әлеуетінің жоғары екенін көрсетуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Анадолы.
Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі NSosyal түрік әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Атап айтқанда, TCG Anadolu кемесінің бортында орналасқан TB-3 соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппараттары жаттығу аясында әуеге көтеріліп, Балтық теңізіндегі белгіленген нысандарды жоғары дәлдікпен жойып, кемеге сәтті оралғаны айтылды.
Министрліктің тағы бір хабарламасында түрік армиясының қуаты тежеуші күшке ие екені, оның маневрлік қабілеті шексіз екені және штабтық ойлау жеңісті қамтамасыз ететіні атап өтілген.
Steadfast Dart-2026 жаттығулары барысында Германияда орналасқан Түркия Қарулы күштерінің шамамен 2 мың әскери қызметкері барлық қойылған міндеттерді сәтті орындап, тиімді, беделді әрі тежеуші күш мәртебесін растады, деп мәлімдеді ведомство.
Осыған дейін Түркияның авиация саласы рекордтық өсім көрсеткенін жазғанбыз.