Түркия бауырлас түркітілдес мемлекеттердің бастамаларын әрқашан қолдауға әзір - Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлы

«Бүгін біз аға лауазымды тұлғалардың бұған дейінгі кеңестерінің аясында қабылданған және біз үшін дайындалған барлық шешімдерді қарап шығамыз. Біз ол құжаттарды ертең Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде таныстырамыз. Ертең өте маңызды шешімдер қабылданатын болады», деді Ахмет Дәуітоғлы.
Министр сондай-ақ, олардың мәдени-экономикалық саладағы, білім беру саласындағы, сондай-ақ түркі мәдени мұраларды сақтау мәселелері бойынша түркітілдес мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты шешімдер болатынын атап көрсетті.
А.Дәуітоғлы, бауырлас түркітілдес елдердің бастамаларын Түркияның әрқашан қолдауға әзір екеніне сендірді және өзара қолдаудың арқасында түркітілдес елдердің әлемде лайықты орынға ие болатындығына үміт артты.