Түркия БРИКС-ке қосылуға өтініш берді — Bloomberg

АСТАНА. KAZINFORM — Түркия билігі БРИКС-ке қосылу туралы өтінішті бірнеше ай бұрын берген, деп жазады ТАСС Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

ұйым
Фото: iStock

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Түркия осылайша әлемдегі ықпалын күшейтуге және дамушы елдермен байланысын кеңейтуге ұмтылады. Сонымен қатар, БРИКС-ке деген қызығушылық Еуропалық Одаққа кіруде ілгерілеудің болмауына және НАТО-дағы одақтастармен келіспеушіліктер аясында пайда болды.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, ел президенті Режеп Тайып Ердоған Батыс геосаяси орталық ретіндегі позициясын жоғалтып жатыр және көпполярлы әлемнің түрлі ойыншыларымен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі деп санайды.

Ведомствоның мәліметінше, қауымдастықты кеңейту мәселесі қазанның 22-24-і күндері Қазанда өтетін БРИКС саммитінде қаралуы мүмкін.

БРИКС-ті 2006 жылы Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай құрды, ал Оңтүстік Африка 2011 жылы қосылды. 2024 жылдың 1 қаңтарында Мысыр, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Эфиопия топтың толыққанды мүшелері болды. Биыл қауымдастыққа Ресей төрағалық етеді.

Естеріңізге сала кетейік, БРИКС құрамына Малайзия, Әзербайжан және Палестина да қосылуы мүмкін.

Сонымен қатар, бұған дейін Қытайдың Қазақстанның БРИКС-ке кіруін қолдайтыны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар