Түркия: Чубук әкімшілігінің мэрі ҚР Елшісіне бірлесіп Н.Назарбаев атындағы саябақ ашуды ұйымдастыруды ұсынды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев пен Чубук әкімшілігінің мэрі Локман Өзденнің кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында Локман Өзден Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың басшылығымен  елдің тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстанмен қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға әзір екендігін білдірді.

Әкімшілік басшысы Чубук ауданының ерекшеліктері мен 16 ғасырдан бастау алатын бай тарихымен таныстырып өтіп, аталмыш ауданда өткізіліп тұратын мәдени-гуманитарлық шаралар, онын ішінде түрлі фестивальдар мен конференциялар туралы хабардар етті.

Осы орайда Локман Өзден Қазақстан дипломатына бірлесіп Қазақстан мен Түркия қатынастарының 20 жылдығына арналған конференция және жалпы Түркияда жоғары бағаланып, аса құрметке ие болған  ҚР Президенті Н. Назарбаев атындағы саябақтың ашуын ұйымдастыруды ұсынды.

Елші өз кезегінде елімізге және оның басшылығына көрсеткен жылы ілтипаты үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы жетістіктері жөнінде айтты. Сонымен қатар сауда-экономикалық, көліктік-коммуникациялық, инвестициялық аймақтарда, сондай-ақ  мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты қатынастарды дамыту қажеттілігін атап, бұл  өз кезегінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудегі елеулі прогресс  үшін жағдай туғызатының білдірді.  Ж.Түймебаев Түркия Премьер-министрі Р.Т.Эрдоғанның мамыр айындағы ресми сапарының маңыздылығына тоқтап, екі елдің аймақаралық ынтымақтастығын нығайту қажеттілігін айтты.

Соңғы жаңалықтар