Түркия энергетикада халықаралық ынтымақтастықты нығайтады

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı (TPAO) мемлекеттік мұнай корпорациясы және британдық BP компаниясымен көмірсутектерді бірлесіп өндіру туралы келісімді аяқтап жатыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Түркия энергетикада халықаралық ынтымақтастықты нығайтады
Фото: Анадолы

Құжат ынтымақтастықты Түркия аумағында — ең алдымен Қара және Жерорта теңіздерінде, сондай-ақ халықаралық алаңда көздеп отыр. Мәселе мұнай және газ кен орындарын бірлесіп барлау және игеруге қатысты. 

BP-мен жасалған келісім Анкараның соңғы кездегі үшінші ірі энергетикалық келісімі болмақ. Ақпан айының басында TPAO Chevron компаниясымен осындай жаһандық бірлескен барлау туралы келісімге қол қойды. 

Өткен жазда түрік мемлекеттік компаниясы ExxonMobil компаниясымен Қара және Жерорта теңіздеріндегі жаңа жобалар бойынша меморандумға қол қойды.

Терең су жобаларын жүзеге асыру үшін TPAO флоты алты бұрғылау және екі зерттеу кемесіне дейін кеңейтілді. Бұдан басқа, компания өсіп келе жатқан инвестициялық бағдарламасын қаржыландыру үшін сукук (облигациялардың исламдық баламасы деп аталатын шариғат елдерінде кең таралған қаржы құралы) шығару арқылы 4 млрд доллар жинау жоспарын жариялады.

Осыған дейін Түркия энергетикалық қуаттардың өсімі бойынша Еуропада көшбасшы атанғанын жаздық. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум