Түркия Газа туннелдерінде жатқан 200 бейбіт тұрғынды азат етуге күш салып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Түркия Газадағы туннелдерде қалып қойған шамамен 200 бейбіт тұрғын үшін қауіпсіз шығу дәлізін қамтамасыз етуге күш салып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Түркия Газа туннелдерінде жатқан 200 бейбіт тұрғынды азат етуге күш салып жатыр
Фото: Anadolu

«Біз қазір туннелдерде қалып қойған шамамен 200 газалық бейбіт тұрғын үшін қауіпсіз шығу дәлізін қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатырмыз» – деді Reuters агенттігіне берген сұхбатында жоғары лауазымды түрік шенеунігі. 

Оның айтуынша, Түркия Хадар Голдин есімді қаза тапқан тұтқынның, Израильдің аға лейтенантының денесін қайтаруға да ықпал еткен.

9 қарашада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ел палестиналық анклавқа көмек көрсетумен айналысып жатқанын айтып, «қазірге дейін азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдық, киім, гигиеналық бұйымдар және тауарлар жіберілді» деп мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін ХАМАС Израильге 11 жыл бұрын Газада қаза тапқан әскеридің денесін қайтарды

Ал Газада жиналып қалған қоқыс салдарынан ауру тарап жатыр.

Соңғы жаңалықтар