Түркия кәсіпкерлері Қазақстандағы қызметінің ауқымын кеңейтіп, көптеген жобаларды іске асырғысы келеді - А. Гүл

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Түркия кәсіпкерлері Қазақстандағы қызметінің ауқымын кеңейтіп, бұдан да көп жобаларды іске асырғысы келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен қазақ-түрік бизнес форумында Түркия Президенті Абдолла Гүл мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше мен Қазақстанда жұмыс істеп жатқан түріктік кәсіпкерлермен кездестім. Біз Қазақстандағы жұмысымыздың ауқымын кеңейтіп, бұдан да көп жобаларды жүзеге асырғымыз келеді. Бұл ретте біз қазір қызмет істеп жатқан салаларда ғана емес, жаңа салаларда да, атап айтқанда өндіріске қатысты салаларда жұмыс істегіміз келеді», деді А. Гүл. Түркия Президенті Кедендік одақ та түркиялық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынып отырғанны атап көрсетті. «Қазақстанның Ресеймен және Беларуспен Кедендік одақ құрып, жұмыс істей бастағанын ескеретін болсақ, ортақ нарықтың соншалықты ұлғайғанын, көптеген мүмкіндіктердің ашылғанын көреміз», деді ол.

Сонымен қатар, А. Гүл Шымкетте арнайы экономикалық аймақ құрылып жатқанын айта келе: «Мен түркиялық кәсіпкерлердің сол жерде де жұмыс істегенін қалаймын», деді. Сондай-ақ Түркия басшысы өз елінің кәсіпкерлерін Қазақстанда тау-кен өнеркәсібі, маркетинг, көлік, логистика, теміржол құрылысы, банк секторы салаларындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

Соңғы жаңалықтар