Түркия қазақстандық туристердің санын миллионға жеткізуге мүдделілік танытуда

ЫСТАМБҰЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Түркия қазақстандық туристердің санын миллионға жеткізуге мүдделілік танытуда. Бұл жайында бүгін Ыстамбұлда өткен Түркия-Қазақстан іскерлік және инвестиция форумында Түркия Республикасының Премьер-Министрі Реджеп Ердоған мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, түрік елінде туризм мен мәдениет саласы бір арнаға тоғыстырылған. Өйткені мәдениет болмаған жерде туризм дамымайды.  Туризм де экономика үшін үлкен маңызы бар сала. Ол - мәдени инвестиция саласы.

«Барлық жәдігерлерміз бен тарихи ескерткіштерімізді, мәдени байлығымызды, құндылықтарымызды әлем жұртшылығына таныту арқылы Түркия ірі туризм мекеніне айналды. Өткен жылы елімізге 30 млн. турист келіп кетті», деді ол.

Осы ретте бауырластық және тарихи байланысы бар туыстас елдер арасындағы барыс-келісті жиілету керектігін баса айтқан Р.Ердоған: «Екі халықты бір біріне жақындата түсетін шараларды көптеп атқаруымыз маңызды. Өткен жылы 300 мың қазақ азаматы Түркияға келіпті, неге оны миллионға жеткізбеске», деді.

 

Соңғы жаңалықтар