Түркия Қазақстаннан Кипр түріктерінің еріктері мен құқықтарын қорғап, оларға құшақ жаюларын күтеді -Абдолла Гүл

СТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Түркия Қазақстан мен басқа да бауырластардан Кипр түріктерінің еріктері мен құқықтарын қорғап, оларға құшақ жаюларын күтеді. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының алдында сөз сөйлеген Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүл осылай мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Cөз арасында Абдолла Гүл мырза Еуропалық Одаққа мүше болу Түркия мемлекетінің стратегиялық мақсаттарының бірі екендігін атап өтті. Бұл ретте Президент аталған ұйымға Түркияның бағыт алуы елдің түркі әлемімен қатынастарын екінші орынға ысырды деген мағынаны білдірмейтінін айтты. Сонымен бірге, Түркия басшысы өз елі үшін ұлттық дауға айналған Кипрде жүргізіліп жатқан БҰҰ-ның ауқымды шешімінің үдерісі туралы да қысқаша тоқталып өтті.

«Түркия келіссөздер үдерісін және Кипр түріктерінің құрылымдық іс-қимылын толық қолдайды. Егер Грекия тарапынан шешім үшін қажетті ынта-жігер танылмайтын болса, онда Кипр түріктерінің мәңгібақи халықаралық қауымдастық қатарында саналмайтындығы анық. Түрік жағы шешімге келуге дайын. Осы орайда, Қазақстаннан бастап барлық бауырлас елдердің түркі әлемінің ажырамас бөлігі болып табылатын Кипр түріктерінің еріктері мен құқықтарын қорғап, оларға құшақ жаюларын күтеміз», деді А. Гүл.

Соңғы жаңалықтар