Түркия Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің ондығына еніп отыр

АСТАНА.3 қазан. ҚазАқпарат -Түркия Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің ондығына еніп отыр. Бүгін Астанада өз жұмысын бастаған Қазақстан-Түркия бизнес-форумы барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров осылай мәлім етті.
None
None
Комитет төрағасының айтуынша, 2012 жылы Түркия Германия, АҚШ, Жапония, Корея секілді елдерді басып озып, Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің ондығына еніп отыр. Екі ел арасындағы сауда айналымы былтыр 4 млрд. долларды құраған. «Түркияның Қазақстанға инвестициясы 2 млрд. долларды құраса, Қазақстаннан Түркияға салынған инвестиция 500 млн. доллар шамасында болып отыр. Бұдан бөлек, жақында ғана Түркиядағы жылжымайтын мүлікке инвестициялауға рұқсат беру туралы шешім қабылданғаны белгілі. Бұл инвестициялық ағымдарды айтарлықтай арттырып, оның екі бағытына да өсім әкеледі деп сенеміз» ,- дейді Е. Қайыров. Оның айтуынша, екі елдің Мемлекет басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын 10 млрд. долларға дейін жеткізу межесін белгілеген. Бұл міндет екі елдің қатынастарын жан-жақты дамытудың негізіне айналмақ. «Мен инновация, индустрияландыру, машина құрылысы секілді салаларда бай тәжірибеге ие түркиялық компаниялардың еліміздегі индустрияландыру бағдарламасына белсенді араласатынына сенім білдіргім келеді», - деді комитет басшысы. Тоқтала кететін жайт, бүгінгі күні Қазақстанда тіркелген шетелдік бірлескен кәсіпорындар арасында түркиялық компаниялар үлесі 12 пайызды құрап отыр. Ал Түркияда жұмыс істейтін қазақтандық компаниялар саны 150-ге жуықтаған.
Соңғы жаңалықтар