Түркия медициналық каннабисті мақұлдады: оны қандай ауруларға тағайындайды
Түркия ресми түрде медициналық каннабисті қолдануды заңдастырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Тиісті заң Парламент тарапынан қабылданды және қоғамда кеңінен резонанс тудырды. Сынға жауап ретінде Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлу каннабис негізіндегі препараттарды тағайындаудың жаңа тәртібі туралы түсініктеме берді.
Министрдің айтуынша, мұндай құралдар қатаң бақылауда болады: олар тек рецепт бойынша, дәрілік формада, дәрігердің бақылауымен және елдің Денсаулық сақтау министрлігінің міндетті рұқсатымен ғана беріледі. Мемишоғлу сондай-ақ дұрыс медициналық қолдану кезінде тәуелділік қаупі болмайтынын атап өтті.
Белгілі болғандай, каннабис негізіндегі препараттар 15-тен астам ауруды емдеу кезінде тағайындалатын болады. Көрсетілімдер тізіміне мыналар кірді:
-
неврологиялық бұзылыстар
-
акне
-
созылмалы ауырсынулар
-
шизофрения
-
мазасыздық бұзылыстары
-
химиотерапиядан туындаған жүрек айнуын қоса алғанда, жүрек айну
-
дискинезия
-
псориаз
-
ревматоидты артрит
-
кейбір жүрек-қантамыр ауруларының түрлері
Бұдан бөлек, мамандар ғылыми деректер мен клиникалық бақылаулар жинақталған сайын көрсетілімдер тізімін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Осылайша, Түркия медициналық каннабис созылмалы және емдеуге қиын ауруларды кешенді емдеу жүйесінің бір бөлігіне айналып жатқан елдердің қатарына қосылды, бұл ретте қауіпсіздік пен мемлекеттік бақылауға баса назар аударылып отыр.
Бұған дейін біз Түркиялық кәсіпкер Мурад Үлкердің елде медициналық каннабисті заңдастыруға қарсы шыққанын хабарлаған едік.
Германияда каннабис туралы заң күшіне енді.