Түркия мен Қазақстанның арасындағы екіжақты сауда 10 миллиард АҚШ долларына жеткізілмек - Елбасы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Екі ел де және дүниежүзі де қаржы дағдарысынан шығып отыр. Осыған орай екі ел арасындағы сауда-саттық 3 миллиард АҚШ долларынан 2 миллиард долларға дейін төмендеді. Бүгінгі келіссөздер барысында екіжақты сауданы 10 миллиард АҚШ долларына жеткізу үшін жұмыс істеуге келістік», -деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 1,5 мыңға жуық тиісті жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді. Түркияның Қазақстанға құйған инвестицияларының көлемі 2,5 миллиард доллардан асса, Қазақстанның Түркияға инвестициясы 1 миллиард доллардан артып отыр.
«Біз энергетика, транзит, көлік жүйелері, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сондай-ақ кәсіпкерлік салаларында көпжақты қарым-қатынасты дамытуға дайынбыз», деді Н.Назарбаев өз сөзінде.