Түркия полициясы Ыстанбұлда 3,6 млн жалған еуро тәркіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Түркия полициясы Ыстанбұлда ауқымды шара өткізіп, оның барысында 3,6 млн жалған еуро тәркіленді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Бұл арнайы операция жалған ақша жасау және сатумен айналысатын қылмыстық топ әрекетінің жолын кесуге бағытталған.
Түрік құқық қорғау органдары жалған еуродан бөлек, бірнеше ірі банктердің атына басылған контрафактілік чектерді, сондай-ақ жалған ақша жасау үшін пайдаланылған баспа үлгілерін де тәркіледі.
Жалған ақша жасаушылар үлгілерді жалған купюраларды басып шығару үшін пайдаланды, бұл оларға еуроның нақты көшірмелерін жасауға мүмкіндік берді.
Күш құрылымдарының жедел іс-шаралары барысында бірнеше күдікті ұсталды. Қылмыстық топ тек Түркияда ғана емес, басқа елдер аумағында да әрекет еткен.
Жалған ақша жасаушылар заңсыз қаржылық операциялармен айналысатын ірі халықаралық қылмыстық желілермен байланысы болуы мүмкін деп шамаланып отыр.
Қазіргі уақытта Түркияның тергеу органдары жалған еуроны тарату схемасы мен жолдарына қатысушылардың барлығын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бұрын хабарлағанымыздай, Түркиядада ескі доллар купюрасын қабылдау тоқтатылды.
Мамандардың айтуынша, Түркия нарығында 600 миллион долларға жуық жалған 50 және 100 долларлық купюралар бар.