23:34, 28 Маусым 2025 | GMT +5
Түркия провинциясында кен орны опырылып түсіп, 3 адам көз жұмды
АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Эрзурум провинциясындағы Олту ауданында орналасқан карьерде тау жынысы опырылып түсіп, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Агенттік хабарлауынша, қайғылы жағдай сенбі күні таңертең қара кәріптас (янтарь) өндірілетін кен орнында болған.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар, өрт сөндірушілер, жандармерия және медициналық топтар жіберілді.
Соңғы мәліметтер бойынша, екі адамның денесі жер астынан шығарылған. Тағы бір жұмысшы жер бетіне ауыр жарақатпен шығарылғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Қайғылы оқиғаның себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұдан бұрын Түркияда аусылдың таралуына байланысты Ылғындағы мал базары жабылып, карантин енгізілгенін жаздық.