Түркия СІМ-і Қазақстанда автобус өртінен адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Қазақстанда автобуста шыққан өрт кезінде Өзбекстан азаматтарының қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы М.Чавушоглу Туиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Trend агенттігі.

Түркия СІМ-і Қазақстанда автобус өртінен адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты

М.Чавушоглу атап өткендей, ол қайғылы жағдайды естіп, қатты күйзелген.

«Мен бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан халқына көңіл айтамын», - деп жазды Чавушоглу.

Айта кетейік, бүгін 50-ден астам адам Қазақстанның Ақтөбе облысында жолаушылар автобусында шыққан өрт кезінде мерт болды.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов өртке оранған автобустың жолаушылары арасында Өзбекстан азаматтарының болғанын атап өтті.