Түркия телеарналарында қазақ кинолары көрсетілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда «қазақстандық кино айлығы» басталды. ҚР Елшілігінің мұрындық болуымен түрік тіліне аударылған қазақстандық көркем фильмдер «Канал Т» телеарнасынан көрсетілуде.
None
None

Ең алғашқы болып ҚР Президенті Н. Назарбаевтың балалығы мен жастық шағы туралы түсірілген бірегей туынды «Балалық шағымның аспаны» көрсетілді. Одан кейін «Көшпенділер» тарихи киносы, «Қыз Жібек» классикалық эпосы, «Бәйтерек» патриоттық фильмі және «Тақиялы періште» музыкалық комедиялық фильмі, сондай-ақ Қазақстан туралы 10 деректі фильм жұрт назарына ұсынылмақ. «Канал Т» телевизиялық арнасы Түркиядан басқа, Еуропа елдеріне, Солтүстік Африка және Орталық Азияға тарайды.

Соңғы жаңалықтар