Түркия ЖИ көмегімен жасалған алғашқы мультсериалды таныстырды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияда толығымен жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жасалған алғашқы «Аңшылар» анимациялық сериалының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Kazinform

Түркия ЖИ көмегімен жасалған алғашқы мультсериалды таныстырды
Фото: breakingnews.com.tr

Премьера TRT Avaz арнасынан көрсетілді. 

Habererk-тің хабарлауынша, 13 сериядан тұратын жоба үшін адам басқаратын мәліметтерді өңдеу және жобалау көлемді процесі жүргізілді. Кейінгі нұсқада қолданылған 2 400-ге жуық композиция, соның ішінде балама нұсқалар мен түзетулер үшін шамамен 18 мың визуалды элемент жасалды. Экранда пайда болған 3 900 секундтық  контентті шығару үшін ЖИ көмегімен өңделген 60 мың секундтық бейне жасалды. Өндіріс процесінде бірыңғай жүйе ретінде жұмыс істеу үшін ЖИ-дің 10-нан астам түрлі инфрақұрылымы біріктірілді. 

Сюжетте ізгілік жолындағы 5 балаға дана тәлімгері Бёрю бағыт береді. 

Оқиғалар Гёбекли-Тепе мен Орхон ескерткіштерінен бастап Ыстықкөл мен Түркістанға дейінгі кең аумақта өрбиді. 

Бұған дейін «Оскарды» енді ЖИ көмегімен түсірілген фильмдер алуы мүмкін екенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар