Түркияда 16 адам мінген катер өртке оранды

АСТАНА. KAZINFORM — Мрамор теңізіндегі Кыналыада аралы маңында ішінде 16 адамы бар катер өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Haber Global сайтына сілтеме жасап.

Түркияда 16 адам мінген катер өртке оранды 
Фото: Видеодан алынған кадр

Жалын тез таралып, бортта болған адамдарды теңізге секіруге мәжбүр етті. Оларды жағалау күзеті басқармасының бөлімшелері құтқарып үлгерді.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Өрттің себебі әзірге белгісіз.

Бұған дейін Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясында ішінде шамамен 280 жолаушысы бар жолаушылар паромы өртенгені хабарланған болатын.

Аталмыш оқиға кезінде 3 адам қаза тауып, 150-ге жуық адам құтқарылған болатын. Жолаушылардың толық тізімі әлі жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар