Түркияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды

АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды

Табиғат апаттары мен төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) ақпараты бойынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 7:48-де тіркелген.

Зілзала эпицентрі Саимбейли ауданында орналасқан. Ошағы 7 шақырым тереңде жатыр.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында қуаты жеті балдан асатын екі зілзала болды (жергілікті уақытпен 04:17-де - 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл).

Жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты.

Жер сілкінісі көршілес елдерде, оның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, грекиялық Кипр мен Иракта сезілді.