Түркияда 4,5 балдық жер сілкінісі болды
Түркияның Чанкыры провинциясында 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Түркия үкіметі Апаттардың алдын алу және басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 16.04-те магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Мамандар жер сілкінісінің эпицентрі Чанкыры провинциясындағы Ильгаз ауданында 7 шақырым тереңдікте болғанын анықтады.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Кеше Түркияның Малатья провинциясының Доганшехир аймағында 4,3 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған.