Түркияда 5 балдық жер сілкінісі болды

ЧАНАККАЛЕ. ҚазАқпарат - Түркияда 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда 5 балдық жер сілкінісі болды

20 ақпан күні Түркияның Чанаккале провинциясындағы Айваджик ауданында жергілікті уақытпен 21:23-те жер сілкінісі тіркелген.

Түркия үкіметінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының ақпаратына қарағанда, жерасты дүмпулерінің ошағы 5,1 км тереңде болған.

Әзірге жер сілкінісіні зардаптары туралы ақпарат жоқ