06:16, 25 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Түркияда 6 айда әлеуметтік желідегі экстремистік әрекеттері үшін 1656 адам тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ішкі істер министрлігі жарты жылда әлеуеметтік желілер арқылы террористік әрекеттерді насихаттағаны үшін 1 656 адамды тұтқындады.

«Жарты жыл ішінде 3 мың 710 адамға қатысты әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен сот ісі жүріп жатыр. 1656 адам сот шешімімен тұтқындалды. Оларға қатысты терроризмді насихаттап, ел арасына ірткі салды, көпшіліктің көзінше мемлекет басшылығындағы тұлғалардың намысына тиетін сөздер айтты деген айып тағылды»,-деп келтіреді Риа Новости ІІМ-нің мәлімдемесін.
Онда 1 мың 203 адамның шартты түрде сотталғандығы, 767 адамның тергеу шараларынан соң босатылғаны көрсетілген. «84 адамға қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда»,-деп мәлімдеді министрлік өкілдері.