Түркияда 9 айда құны 32,6 млрд лир болатын контрабандалық тауар тәркіленген

АСТАНА. KAZINFORM – Биылғы жылдың 9 айында Түркияның Сауда министрлігі кеден қызметінің өкілдері сәтті операциялар жүргізіп, құны 32,6 млрд лир болатын контрабандалық тауарға тосқауыл қойды.

В Турции сумма контрабанды за 9 месяцев составила 32,6 млрд лир
Фото: Anadolu ajansı

Ведомствоның хабарлауынша, аталған іс-шаралар контрабанданың көптеген түрлеріне қарсы бағытталды. Контрабандашылар шекарадан түрлі тауарлар мен көліктерді, темекі, алкоголь мен есірткілерді заңсыз өткізбек болған.

Кеденде анықталған контрабанданың ауқымына қарап, елге заңсыз тауар тасымалдау мәселесі қаншалықты өзекті екенін көруге болады. Түркияның сауда министрлігі мен оған бағынышты ұйымдар заңсыз саудамен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастыруда. Бұл ретте экономикалық, қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған кеден қызметінің әрекеті өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Түркия шекарада бақылауды қатайтып, өзге құқық қорғау органдарымен бірлескен операцияларды жүргізе отырып, контрабандамен күреске ерекше назар аудара бастады. Жедел-іздестіру шаралары ішкі нарықты қорғап қана қоймай, контрабандашылардың кесірінен зиян келуі мүмкін мемлекеттік кірістерді сақтауға жағдай жасайды.

Түркия кеден органының қызметкерлері 32,6 млрд лир сомасы кеден жүйесін нығайтып, Түркия мен оның аймақтарында өз әрекеттерін жүзеге асырғысы келетін қылмыстық топтармен күресті белсенді жүргізудің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отырғанын атады.

Осыған дейін Түркияда түрлі ұйымдасқан қылмыстық топтардың 157 мүшесі ұсталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар