Түркияда алғаш рет өзгенің жатырымен бала көтерді

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат -Түркияда алғаш рет өзгенің жатырымен бала көтерді. Бұл жайында түрік дәрігерлеріне сілтеме жасап,
None
None

muslim.kz сайты хабарлады.

«Туғаннан жатыры жоқ қызға осы олқылықтың орнын толтыру үшін жасалған ота бұдан екі жыл бұрын сәтті аяқталған болатын. Ұзақ уақытқа созылған емдеу шараларынан кейін оған ана болу бақыты бұйырды. Бұл арада осындай күрделі отаны сәтті аяқтаған мамандардың жетістігін айтпай кетуге болмайды. Донорлық орган бөтен ағзаға сәтті қондырылған күннің өзінде әйелдің бала көтере қоюы екіталай еді», - деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.

Перзент сүю бақытына ие болған 22 жастағы Дерия Серттің жасанды жолмен ұрықтандырылғанын айта кету керек. Осылайша, ол донорлық жатырмен бала табатын алғашқы әйел болайын деп тұр. Өткен жылы мұндай жағдай Швецияда да орын алған. Швед дәрігерлері екі әйелдің жатырын қыздарына салып, операцияны сәтті аяқтаған еді. Алайда, олардың бала көтергені немесе көтермегені туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар