Түркияда бір тәулікте 47 орман өрті болды
АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы тәулікте Түркия аймағында 47 орман өрті болып, оның 30-ы ауыздықталды, деп хабарлайды ӘЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі.

Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы 17 өрттің әлі де сөндіріліп жатқанын атап өтті.
«Біз тек ірі өрт туралы айтып отырмыз. Кей аудандарда өртті сөндіру қиынға соғады, бұл қол жетпейтін жерлер. Өртті сөндіру үшін ұшақтар, тікұшақтар және жүздеген басқа техника жұмылдырылуд», - деді Юмаклы.
Сондай-ақ, министр жекелеген провинцияларда өртті сөндіру тәулік бойы жалғасып жатқанын, ал кейбір елді мекендердің тұрғындары эвакуацияланғанын атап өтті.
Ол тұрғындарды әсіресе алдағы үш күнде метеорологтардың ыстық және құрғақ күн райы болатынын болжауына байланысты аса қырағы болуға шақырды.
Бұған дейін Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі орман өртімен күреске қолдау көрсету үшін төрт тікұшақ бөлетінін хабарлаған.