Түркияда ДАИШ-ке қатысы бар деген күдікпен 31 адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — «Боздоған-46» арнайы операциясы барысында елдің қауіпсіздік органдары Түркияның бірнеше провинциясынан бір уақытта 31 адамды ұстады. Олар терроризмге жақтасты деген күдікке ілінді. 

Түркияда ДАИШ-ке қатысы бар деген күдікпен 31 адам ұсталды
Фото: Anadolu Ajansı

Түркия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Түркияның 6 провинциясында бірден «Ислам мемлекеті» (Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған ұйым - ред.) террористік ұмтылыстарына қарсы арнайы операция жүргізілді. 

Анкара, Анталия, Бурса, Мерсин, Орду қалаларында ИМ-мен байланысы бар деген күдікпен 31 адам ұсталды. 

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум