Түркияда ескі доллар айналымнан алынып жатыр

АСТАНА.KAZINFORM – Түркиядада ескі доллар купюрасын қабылдау тоқтатылды. Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлайды.

Доллар вернул утраченные позиции
Фото: unsplash

Мұндай шешім қабылдауға сапасы жағынан нағыз купюрадан ерекшеленбейтін жалған долларлардың көптеп таралуы себеп болды.

Түрік сарапшыларының пікірінше, жаңа жалған банкноттар тіпті заманауи санау машиналарынан өте алады, бұл өз кезегінде оларды анықтау жұмысын қиындатады. Осыған байланысты қаржы институттары ескі банкноттармен жұмыс істеуден бас тартып, сақтық шараларын қабылдауға мәжбүр.

Мамандардың айтуынша, Түркия нарығында 600 миллион долларға жуық жалған 50 және 100 долларлық купюралар бар.

Бұл жағдай доллар негізгі валютасы болып қала беретін азаматтар мен кәсіпкерлердің алаңдаушылығын тудырды. Қаржы сарапшылары тәуекелдерді болдырмау үшін қолма-қол ақшамен, әсіресе ескі купюралармен жасалатын ірі операциялардан уақытша бас тартуға кеңес береді.

Бұған дейін жалған купюра жасауға көбінесе 50 және 100 долларға басымдық беретіні хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар