Түркияда ірі оппозициялық партияның көшбасшылары ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда ірі оппозициялық күрд халықтар демократиясы партиясының (HDP) екі тең төрағасы және алты депутаты ұсталды. 
None
None

Партия өкілінің айтуынша, 4 қарашада, жұмаға қараған түні полиция партияның тең төрағасы Фиген Юкседагды ұстады, оны ұстау кезінде үйдің есігі сынды. Жарты сағаттан соң Селахаттин Демирташ ұсталды, деп жазды Lenta.ru.

Демирташ өзінің твиттеріне: «Үйімнің алдында полиция тұр, мені ұстағысы келетін сияқты», деп жазды.

Әзірге оқиғаның қай қалада болғаны белгісіз. Демирташтың Анкара мен күрдтердің бейресми астанасы Диярбакырда екі үйі бар. Тең төрағалармен бір уақытта HDP атынан сайланған Түркия парламентінің 14 депутаты да ұсталды. Олардың арасында Зия Пир, Гулсер Йылдырым және тең төраға орынбасары Сырры Сурейя Ондер бар.

Партия өкілінің мәліметтеріне сүйенсек, ұстау операциялары Анкара, Диярбакыр және Мардинде біз мезгілде жүріп жатыр. Күрд саясаткерлері Түркия билігін Ирак пен Сирия аумағында «ИМ» лаңкестік тобымен емес, күрд күштерімен күресіп жатыр деп бірнеше рет айыптаған болатын. Президент Режеп Тайып Ердоған өз кезегінде HDP партиясын күрдтердің қарулы жасақтарымен байланысы үшін сынаған еді.

Соңғы жаңалықтар