Түркияда ірі өрттен 18 кәсіпорын зардап шекті

АДАНА. ҚазАқпарат - Аданадағы қоқыс өңдеу зауытында белгісіз себептермен өрт шықты. Жалын косметика фабрикасы мен басқа да кәсіпорындарға жылдам тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда ірі өрттен 18 кәсіпорын зардап шекті
Фото: Anadolu Agency

Хабарлама алынғаннан кейін өрт шыққан аймаққа жедел жәрдем бригадалары, полиция және өрт сөндіру бөлімшелері жіберілген.


Өрттен 18 кәсіпорын зардап шекті.
Адана губернаторы Сүлейман Элбан журналистерге өрттің аз уақыт ішінде басқа кәсіпорындарға тарағанын айтты. Өңірге жақын маңдағы провинциялардың өрт сөндірушілері де келе бастады.
«Бір қуантарлығы – адам шығыны жоқ. Өрттен зардап шеккен кәсіпорын саны – 18», - деді Эльбан.
Жалынды ауыздықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға себебі анықталуда.