Түркияда қазақ әдебиеті туралы монография шығарды

«Қазақ әдебиетіндегі тұрмыс және біртектілік» атты Дж.Кынаджы кітабы М. Әуезов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Ерубаев, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин сияқты қазақ жазушыларының романдарын талдауды қамтиды.
Монография авторы атап өткендей, оның идеясы түрік оқырмандарына Кеңес Одағы кезеңіндегі қазақтардың тыныс-тіршілігі туралы ақпаратты жеткізу болды. Атап айтқанда, оның айтуынша, аталмыш классиктердің романдары КСРО құрамында болғанына қарамастан, өз дәстүрі мен мәдениетін сақтаған қазақтың бар болмысын бейнелеп береді. Дж.Кынаджының пікірінше, ол уақыттағы әдебиетшілердің рөлі зор болған.
Осы еңбектермен қатар, Дж.Кынаджы Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романын түрік тіліне аударды. Кітап шығарылып, Түркия кітапханалары мен ЖОО-ларға таралды, деп мәлімдеді ТР-дағы ҚР Елшілігінен.