Түркияда қазақ композиторы Мұқан Төлебаев жылы басталды

ЫСТАМБҰЛ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Анкараның мемлекеттік көркем мұражайының концерт залында әйгілі қазақ композиторы Мұқан Төлебаев жылының ресми ашылуы өтті.
None
None

Композитордың 100 жылдығын мерекелеуге байланысты 2013 жылды Мұқан Төлебаев жылы етіп атап өту жөнінде шешім 2012 жылдың қыркүйек айында Уфа қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше-елдер мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесімен қабылданған болатын.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А. Бижанов бастаған еліміздің ресми делегациясы, ТР Мәдениет және туризм министрінің бірінші орынбасары Өзгур Озаслан, ТР Әділет және даму басқарушы партиясының бас хатшысы, Түркия парламенттік «қазақ-түрік тобының» төрағасы Халюк Ипек, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Д.Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж. Түймебаев, ТР министрліктердің, іскерлік және академиялық орта өкілдері, мәдениет қайраткерлері, түркиялық БАҚ мен ТҮРКСОЙ мүше-елдердің журналистері қатысты.

Соңғы жаңалықтар