Түркияда қазақ-түрік қатынастарының 20 жылдығына арналған «Қазақстан күні» өтті
Фестиваль аясында Елшіліктің ұйымдастыруымен және қазақ-түрік қатынастарының 20 жылдығына арналған «Қазақстан күні» болып өтті.
Ауданның арнайы фестиваль алаңында құрылған «Қазақ үйінде» қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан көріністер беретін жәдігерлер, ұлттық киімдер, Қазақстан туралы баспа өнімдері, атап айтқанда, еліміздің көрікті жерлері мен қайталанбас табиғаты бейнеленген түрлі-түсті суреттермен әрленген альбомдар қойылды.
Қазақстанға арналған кештің ашылуында көрермендер мен қонақтарға Қазақстан туралы фильм көрсетілді және Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығармашылық тобының концерті берілді. Топтың орындауындағы «Ақжайық», «Шолпы» атты қазақ халық билері және Түркештің «Көңіл ашары», «Бір үміт», «Ақ қайың» халық әндері, сондай-ақ «Üsküdar'a giderken» атты түрік әні Етимесгут тұрғындары мен фестиваль қонақтарын тәнті етті. Сонымен бірге Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырылды.
Іс-шараны түрік телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.