Түркияда Қазақстан құтқарушыларының жедел штабы жұмысын жалғастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда жер сілкінісінің бірінші күнінен бері қазақстандық құтқарушыларының жедел штабы жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркияда Қазақстан құтқарушыларының жедел штабы жұмысын жалғастыруда

»Олардың міндеттері төтенше жағдай аймағындағы ахуал туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау, қажетті ақпаратты беру; ТЖ күрделенуін және олардың салдарын болжау; ТЖ жою мәселелерін жедел шешу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Жедел штаб жұмысын үйлестірудің арқасында іздестіру-құтқару жұмыстарын тиімді жүргізу үшін бекітілген объектілерде күштер мен құралдарды уақтылы бөлу жүргізілуде«, - деп жазды еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Жедел штаб бағынысты күштерді тұрақты басқаруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларды жою кезінде басқару органдарымен және күштермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, қолдауға, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз етуге арналған.