Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты шаралар ұйымдастырылды

None
None
СТАМБҰЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты шаралар ұйымдастырылды.

Осы салтанатты шара барысында ресми кездесулер өтті. Сондай-ақ Түркия астанасында орталық концерт залында қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт өтті. Қазақстан және Қазақстан мен Түркия елдерінің әріптестіктерін баяндайтын фотокөрме ашылды. Невшехир қаласында «Қазақстан» көшесінің ашылу салтанаты өтті.

Елшілік ұйымдастырып отырған кездесуге Анкара қаласында жұмыс сапарымен жүрген Сенат төрағасы Қайрат Мәми, Түркия Парламентінің төрағасы Ж.Чичек және оның орынбасары М.Саглам, сонымен қатар Түркиядағы Қазақстанның елшісі Ж.Түймебаев пен басқа да азаматтар қатысты.

Ж.Түймебаев өз сөзінде еліміз 20 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының жетістіктері жайында және де осының бәрі Елбасымыздың арқасында екенін атап өтті. Бауырлас Түркия мен Қазақстан арасындағы екі және көпжақты қарым-қатынастың дамуына ерекше көңіл бөлді.

Естеріңізге сала кетейік, Невшехир қаласындағы көшелердің біріне ҚР Президентінің есімі берілген еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram