Түркияда қазақстандықтар референдумға қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Анкара, Ыстанбұл, Анталия және Измир қалаларындағы төрт сайлау учаскесінде Қазақстанның жаңа Конституциясына дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі. 

Түркияда қазақстандықтар референдумға қатысып жатыр
Фото: Ақжігіт Чукубаев/Kazinform

Дипломатиялық өкілдіктерде таңертеңнен бері жұмыс істеп жатқан № 450, 419, 460 және 512 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Түркиядағы қазақстандықтардың басым бөлігі түрік университеттерінде білім алып жатқан студенттер, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, туристер. Сондай-ақ референдумға қатысқандар арасында азаматтық ұстанымын алғаш білдіріп отырғандар бар.

Айта кетейік, Қазақстан мен Түркия арасында уақыт айырмашылығы екі сағат болғандықтан, соңғы қорытынды Астана уақытымен 22:00–де белгілі болады.

Айта кетелік әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр

Соңғы жаңалықтар
Референдум