Түркияда қазақстандық композитор Мұқан Төлебаевтың жылы басталды

2013 жыл - ТҮРКІСОЙ мүше-елдері мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 2012 жылғы қыркүйекте Уфада (Башқұртстан) өткен шешімімен Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуы құрметіне композитордың жылы болып жарияланды.
Салтанатты шараға ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Бижанов басқарған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы, ТР мәдениет және туризм министрінің бірінші орынбасары Озгур Озаслан, ТР әділеттілік және даму басқарушы партиясының бас хатшысы, Түркияның парламенттік «Қазақ-түрік тобының» төрағасы Халюк Ипек, ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Д.Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаев, ТР министрліктерінің, іскер және академиялық топтарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, Түркия БАҚ-тары мен ТҮРКІСОЙ мүше-елдерінің журналистері қатысты.
Мерекелік шаралар басталмас бұрын Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов қатысушыларға музыканттың туған жерінде оның шығармашылығына арналған шаралар өткізіліп жатқаны туралы хабарлады. Ол М.Төлебаевтың қазақтың ұлттық классикалық музыкасының қалыптасуындағы ерекше орнын атап өтті.
ТР мәдениет және туризм министрінің бірінші орынбасары Озгур Озаслан бауырлас Қазақстанның көрнекті өнер қайраткерлерімен түрік жұртшылығын кеңінен таныстырудың маңызын атап өтті. Және қазақстандық тарапқа халықтық және де классикалық қазақ мәдениетін қамтитын әйгілі композитор М.Төлебаевтың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.
Халюк Ипек түркі әлемінің мәдениеттерін жақындастыра түсу үшін мұндай шаралардың зор маңызына тоқталды. Ортақ тарихи тамырлары мен мәдениеті бір түрік халқы бұл байланыстардың терең тамырларын өз көздерімен көрді.
Мерекелік шаралардың қонақтары мен қатысушылары алдында ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Д.Қасейінов, Қазақстанның Түрік Республикасындағы елшісі Ж.Түймебаев құттықтау сөз сөйледі.
Дүйсен Қасейінов Мұқан Төлебаевтың шығармашылық қызметінің зор маңызын және қазақ ұлттық классикалық музыкасының дамуына баға жетпес үлес қосқанын атап өтті.
Қазақстан елшісі Ж.Түймебаев Батыс пен Шығысты жақындастырған М.Төлебаев сияқты музыка авторының шеберлігіне назар аударды. Ол осындай шаралардың түркі халықтарының ұлттық музыкасын насихаттауда және таратуда зор рөл атқаратынын атап көрсетті және екіжақты қатынастарды нығайтуда ТР мәдениет және туризм министрлігіне көрсетіп отырған қолдауы үшін ризашылығын білдірді.
Түрік мәдениетінің қайраткерлері өз сөздерінде бұл шараның түркі халықтарының мәдениеті мен өнерін түлетуде және жақындастыра түсіп, тереңірек таныстырудағы маңызды рөлін атап өті. Түркі мемлекеттерінің рухани әлемін байыта түсетін осындай мәдени шараларды үздіксіз жалғастырып отыру қажеттігі жөнінде тілектер айтылды.
Кеш қазақ өнерінің шеберлері - ҚР халық әртісі Н.Үсенбаеваның, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Аида Аюпованың, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Жанболат Жұмағазиннің және Түркия мәдениет және туризм министрлігінің түркі әлемі музыкалық тобының орындауында М.Төлебаевтың шығармалары орындалды. М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы мен «Поэма», «Толғау», «Ақмарал» шығармаларынан ариялар орындалып, оған шара қатысушылары мен қонақтары қошеметпен қол соқты.