19:50, 22 Ақпан 2023 | GMT +5
Түркияда қираған ғимараттар құрылысына қатысы бар 564 адам ұсталды
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияда жел сілкінісінен қираған тұрғын үйлер құрылысына қатысты қылмыстық іс бойынша 160 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

Жойқын жер сілкінісі болған провинциялардың прокуратуралары қираған нысандардың құрылысына қатысы бар деген күдікпен 6 ақпаннан бері 564 адамды ұстады. Кейіннен ұсталғандардың 160-ы қамауға алынды, 175 күдіктіге қатысты сот бақылауы тағайындалды.
Сонымен қатар, 71 күдіктіні тұтқындауға және 61 адамды ұстауға ордер берілді.
Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан түрік елінде қаза болғандар саны 42,3 мыңнан асты.
Фото: aa.com.tr