Түркияда көлік жарылып, 18 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында жарылғыш зат қойылған автомобильді жару кезінде 18 адам мерт болды. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
None
None

Қайғылы оқиға Хаккяри провинциясының Шемдинли ауданындағы өткізу-бақылау бекетінде болды. 5 тоннаға жуық жарылғыш зат қойылған шағын жүк көлігі сақшылардың «тоқта» деген белгісіне қарамастан, бекеттің аймағына кіріп кетіп, тәртіп сақшылары оқ ата бастаған. Осы уақытта көлік жарылды.

Құрбан болғандардың арасында 10 солдат пен 8 бейбіт тұрғын бар. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Ол үшін тікұшақтың да көмегі пайдаланылды. Билік өкілдері бұл оқиғаға Түркияда тыйым салынған Күрдістанның жұмысшылар партиясын айыптап отыр.

Күрдістанның жұмысшылар партиясы елдің оңтүстік-шығысында әрекет етеді. Түрік билігі мен күрдтер арасындағы ынтымақтастық 2015 жылы тоқтаған. Жағдайдың ушығуына Суруч қаласында болған теракт себеп болған. Ол кезде 32 адам мерт болды, басым бөлігі күрдтер.

Соңғы жаңалықтар