16:43, 21 Қаңтар 2013 | GMT +5
Түркияда Құран «оқитын» қаламдар шығаруда
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркияның Ыспарта қаласында Құран Кәрім басып шығаратын баспахана Құран «оқитын» электронды қалам жасап шығарды,

деп жазады muslim.kz.
Anadolu агенттігіне сілтеме жасаған SalamNews-тің хабарлауынша, аталмыш кәсіпорын директоры Әли Йылдыз электронды қаламда Құрандағы барлық сүре мен аяттардың қамтылғанын айтқан.
«Құран аяттарын 114 хафиз оқиды. Яғни, қай хафизді тыңдағыңыз келсе, соны таңдай аласыз. Сондай-ақ, тамақтанар алдында және тамақтанып болған соң немесе дәрет алдындағы және соңында оқылатын дұғаларды да қамтуды ұмытпадық», - дейді кәсіпорын директоры.