Түркияда өрт сөндіру кезінде тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның батысындағы Тахталы су қоймасының маңында өрт сөндіру тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Түркияда өрт сөндіру кезінде тікұшақ апатқа ұшырады

Түркияның Измир қаласының Мендерес ауданында орманда болған өрт желдің ықпалымен өршіп кетіп, аумағы 100 гектарды қамтыды. Орман өртін сөндіру кезінде қауғасына су толтырмақ болған тікұшақ апатқа ұшырады. Су қоймасы күзетінің қызметкерлері тікұшақ экипажының бес мүшесін құтқарды, олардың біреуі жеңіл жарақат алған.