Түркияда президенттік сайлау қашан өтетіні белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өткізу жоспарланбағанын айтты, деп хабарлайды Kazinform ТАСС-қа сілтеме жасап.

Түркияда президенттік сайлау қашан өтетіні белгілі болды
Фото: armenpress

Оның сөзіне сүйенсек, конституцияда көзделгендей, сайлау 2028 жылы өтеді. Ердоған оппозиция жетекшісі Озгур Озелдің дауыс беруді мерзімінен бұрын өткізу туралы үндеуіне осылай жауап берді. 

– Мен оны (Озел – ТАСС жазбасы) тағы да еске саламын. Конституция мен сайлау туралы заң өзгермегендіктен, 2028 жылы президенттік және парламенттік сайлаулар, 2029 жылы муниципалдық сайлаулар өтеді. Озел мырза, сіздің жеке көзқарасыңыз болуы мүмкін және күнтізбедегі кез келген жексенбіде саусағыңызды көрсетіп, сайлау сол кезде өтуі керек деп айта аласыз. Бірақ билік пен халықтың мұндай күн тәртібі жоқ, - деді Ердоған парламентте сөйлеген сөзінде.

Бұған дейін Ердоған Түркия оппозициясының жетекшісін сотқа бергенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар