Түркияда ресми сапармен жүрген Сенат Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық делегация бүгін Невшехир қаласына келді

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Түркияда ресми сапармен жүрген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық делегация бүгін Түркияның Невшехир қаласына келді.
None
None

Әуежайда қазақстандық делегацияны әскери оркестрдің қошеметтеуімен Невшехир провинциясының губернаторы Абдурахман Саваш күтіп алды. Осы сапардың бағдарламасына сәйкес бүгін Сенат Төрағасы Невшехир провинциясының губернаторымен кездеседі. Сондай-ақ қазақстандық делегация Невшехир провинциясының тарихи-мәдени орындарын аралайды деп күтілуде. 620 мың тұрғыны бар Невшехир қаласы тарихи ескерткіштерге бай елді мекендердің бірі. Онда бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристердің ықыласына бөленіп отырған Каппадокия сияқты әйгілі жерасты қалалары бар. Мұнда зерттеуші археологтар қала аумағынан бір мезгілде 6 мың адам сиятын 30-ға жуық лабиринттер тапқан. Алайда бүгінде олардың тек бірнешеуіне ғана кіріп көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 3 сәуірінде Невшехир қаласында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталған көшенің салтанатты ашылу рәсімі өткен еді.

Соңғы жаңалықтар