Түркияда ресми сапармен жүрген Сенат төрағасы Қайрат Мәми Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Джемиль Чичек мырзамен кездесті

КАРА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Түркияда ресми сапармен жүрген Сенат төрағасы Қайрат Мәми Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Джемиль Чичек мырзамен кездесті.
None
None

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың жай-күйін, стратегиялық әріптестікті дамыту, екі елдің екіжақты қарым-қатынастарын дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жүздесуде олар Түркия кеңесіне, Парламентаралық байланыстарды, соның ішінде түркітілдес мемлекеттердің парламентаралық байланыстарының жай-күйін сөз етті. Бүған қоса мемлекет өкілдері екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың жанданып келе жатқандығын атап өтті. Айталық, жыл басынан бері мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жеткен.

Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) аясындағы үнқатысуды одан әрі тереңдету жайында айта келіп, Қ.Мәми түрік әріптесіне қолайлы кезде Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Түркі ықпалдастығының одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты қазақстандық Сенаттың төрағасы түркітілдес мемлекеттер Кеңесінің ерекше рөлін атап өтті.

Қ.Мәмидің айтуынша, «Түркі Кеңесінің биылғы қазан айында Алматыда алғашқы саммитінің өткені және оның Хатшылығының құрылуы түркітілдес халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға қосымша серпін берді».

Кездесу барысында Қ.Мәми алдағы жылғы қаңтар айында Парламент Мәжілісіне сайлау өтетіні туралы хабарлады. Төраға атап өткендей, сайлау Қазақстандағы демократиялық жаңғыруларды одан әрі дамытуға бағдарланған.

«Біз сайлау науқанына баса назар аударамыз»,-деді Қ.Мәми және ол: «парламенттік сайлау халықаралық талаптар мен стандарттарға толық сәйкес өтеді»,-деп атап өтті.

Д.Чичек барлық қазақстандықтарды біздің еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады және осы жылдарда қол жеткен әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңарулар нәтижелерін жоғары бағалады.

«Мен Қазақстанда бірнеше рет болдым және сіздердің елдеріңіздің жетістіктерін өз көзіммен көрдім»,-деді Д.Чичек.

Түркия Парламенті басшысының пікірінше, «Қазақстан мен Түркия арасында ешқандай даулы мәселелер жоқ, екіжақты ынтымақтастық табысты дамып келеді, халықаралық мәселелер бойынша біздің бағдарымыз ұқсас». Оған екі ел басшыларының еңбегі зор, деп атап өтті Д.Чичек.

Екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда парламентаралық байланыстардың негізгі рөлін атап өте келіп, Д.Чичек «парламентаралық үнқатысуды одан әрі белсенділендіруде Сенат Төрағасы Қ.Мәмидің осы сапары маңызды» екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар