Түркияда тегін демалған қазақстандық «өнерімен» бөлісті

Ресейлік арнаның сюжетінде «All inclusive» сусындары мен асханалардан тегін тамақтану дәстүрге айналып бара жатқаны айтылып, оған мысал ретінде қазақстандық блогер Фима Ивановтың бейнематериалы келтірілген.
Бейнематериалда ол өз қонақүйінен шығып, көрші отельге барып, тегін тамақтанып, жағажай қызметтерін ақысыз пайдаланғанын айтады.
«Мен Түркияда бірінші рет түсіріп тұрғаным жоқ. Бірақ, мынандай роликті алғаш түсіруім. Мұны көптен бері ойластырып жүрген едім, неде болса тәуекелге дәл осы жолы бардым. Мен «егер сұрақтар жаудырса, қалай құтыламын» деген сұрақ қатты уайымдатты. Егер олай бола қалған жағдайда да әбден тыйым салғанға дейін камераны өшірмейін деп шештім», - дейді ол.
Көптеген жақсы отельдер ыңғайсыз болғандықтан, браслет жүйесінен бас тартқан. Сондықтан, сол отельдің демалушысына ұқсап, кез келген адам кіріп, отель қызметін тегін пайдаланып кетеді. Алайда, Фима Иванов роликтегідей әрекетті қайталамау қажеттігін ескертеді.
«Жергілікті заң талаптары бойынша мұндай әрекетке барғандар заңмен жазаланады, тіпті түрмеге де қамалуы мүмкін», - дейді Фима Иванов.